Түрік елінің шақыруы бойынша барған Қазақстан парламентшілері бірқатар маңызды кездесулер өткізді

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Жуырда «Диалог-Еуразия» халықаралық қоғамдық ұйымы платформасының шақыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірқатар депутаттары Ермұханбет Омаров, Зейнолла Алшымбаев, Бағила Баймағамбетова, Нұрлан Өнербай, Жарасбай Сүлейменовтер Түркия Республикасына іссапармен барып келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Айта кету керек, «Диалог-Еуразия» халықаралық қоғамдық ұйымының платформасы 1998 жылы Еуразия континентіндегі елдер мен халықтары арасындағы мәдени, білім беру, гуманитарлық байланыстарды орнына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында құрылған. Ұйымның штаб-пәтері Ыстамбұл қаласында орналасқан.Сапар барысында Қазақстан депутаттары Түркия Парламентінің төрағасы Көксал Топанмен, Мемлекеттік министр Саид Языджыоғлымен, сондай-ақ Қазақстанмен достық және ынтымақтастық жөніндегі парламенттік тобының басшысы Мехмет Чичекпен кездесті. Көксал Топтанмен кездесу барысында ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі тілдес мемлекеттердің одан әрі ықпалдасуы бойынша бастамаларына, сондай-ақ оның әлемдегі және Орталық Азиядағы тұрақтылықты орнату жөніндегі көптеген халықаралық жобалардың бастамашысы болғанына алғысын білдірді. Мемлекеттік министр Языджыоғлымен кездесуде екі елдің саяси ынтымақтастығы, сауда-экономикалық байланыстар, мәдени-гуманитарлық сипаттағы және туризм саласындағы қарым-қатынастары талқыланды. Жалпы, Қазақстан Парламенті делегациясының іссапары екі мемлекеттің парламентаралық байланыстарын нығайтуда маңызды қадам болды.
Соңғы жаңалықтар