Түрік іскерлері қазақ жерінде порттар мен кеме құрылысы саласына назар аударғанын қалаймын - Р.Ердоған

ЫСТАМБҰЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ыстамбұлда өткен Түркия-Қазақстан іскерлік және инвестиция форумында Түркия Республикасының Премьер-Министрі Реджеп Ердоған түрік іскерлерінің қазақ жерінде порттар мен кеме құрылысы саласына назар аударғанын қалайтындығын жеткізді.
None
None

«Екіжақты байланыстарда тағы бір зер салатын сала - мұнай және туризм. Бұл ретте қазақстандық іскерлердің инвестиция салғанын көріп отырмыз, бірақ бұл аздық етеді және біз қазақ іскерлерінің Түркияға салатын инвестицияларын арттыруын қалаймыз. Қос тарапты инвестициялардың жасалуы елдерімізді қуатты экономикалық деңгейге көтереді», деді ол.

Сонымен бірге инвестиция салуды түрлендіру қажеттігін атап өткен ол: «Тарихи Жібек жолын жандандыру мақсатында Баку - Тбилиси темір жолы жобасын 2013 жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл желінің құрылуы Алматы, Қап елдері, Оңтүстік Азия және Анатолы жерінде үлкен темір жолы желісін іске қосады. Жақында Мармарай деген теңіз асты темір жолын іске қосамыз. Бұл бізге Түркиядан Қытайға дейін жол қатынастарымызды үздіксіз жалғастырудың бір үлгісі. Каспий арқылы мұнай, бидай және өзге тауарларды тасымалдауға мүмкіндіктер ашылады. Бұл біздің елдер үшін өте маңызды. Сіздердің назарларыңызға қазақ жерінде порттар мен кемелер құрылысы саласына да көңіл аударуды сұрар едім», деді.

 

Соңғы жаңалықтар