Түрікменстан президенті Қазақстан елшісін қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елдегі дипломатиялық қызметін аяқтап жатқан Түрікменстандағы Қазақстан Республикасының Өкілетті және Төтенше елшісі Орман Нұрбаевты қабылдады, деп хабарлады «Туркменистан сегодня» агенттігі.
None
None

Кездесуге бөлген уақытына алғыс айта келе, елші Түрікменстан басшысына түрік-қазақ қатынастарының дамуына қосқан үлесі үшін және дипломат ретіндегі қызметіне үнемі қолдау білдіргеніне ризашылығын білдірді. Нұрбаев оның елінде түрікмен басшысының алға бастайтын саясаты мен маңызды халықаралық бастамаларының жоғары бағаланатындығын және жаппай қолдайтындығын айтып өтті.

Өз кезегінде президент Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстанның көршілес елдермен,  соның қатарында терең тарихи тамыры және туысқан халықтар арасындағы рухани байланысы бар Қазақстанмен достық байланыстың нығаюына  көңіл бөлінетіндігіне баса назар аударды.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, елші Гурбангулы Бердімұхамедовке, барлық түрікмендіктерге алда өтетін V Азия ойындарының сәтті өткізілуіне тілектестік білдірді. 

Соңғы жаңалықтар