Түрікменстанда тағы екі теңіз суын тұщыландыратын зауыт салынады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Балқан уәлаятында (облыс) екі теңіз суын тұщыландыратын зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ТДХ агенттігі.

Түрікменстанда тағы екі теңіз суын тұщыландыратын зауыт салынады

Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр таза су өндіруге жететін зауыттың бірі Экерем атырабы (аудан) Эсенгулы  ауылында салынбақшы. Тәулігіне 5 мың текше метр таза су өндіретін екінші зауыт Хазар қаласында салынады деп жоспарланып отыр.

Түрікменстанның Ауыл және су шаруашылығы министрлігі бұл нысандардың жобасы және құрылысы бойынша халықаралық тендер жариялады. Тендер бойынша өтініштер қабылдау 14 шілдеге дейін жалғасады.

Бүгінгі таңда Түрікменстанның теңіз жағалауында суды тұщыландыратын бірнеше зауыт жұмыс істейді.Олардың бірі Киянлы атырабындағы Түрікменбасы ауылындағы қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр су өндіретін стансасы және Аваз курортындағы қуаттылығы тәулігіне 35 мың текше метр тұщы су шығаратын қондырғы.