Түрікменстаннан Иранға табиғи газ жеткізілімінің жылдық көлемін 20 миллиард текше метрге дейін жеткізілетін болады

БЕЙЖІҢ-АШҒАБАД. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Түрікменстаннан Иранға табиғи газ жеткізілімінің жылдық көлемі 20 миллиард текше метрге дейін жеткізілетін болады.
None
None

Ол - ұзындығы 30,5 шақырымдық Дәулетабад-Серахс-Хангеран газ құбырының іске қосылуының арқасында мүмкін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түрікменстанның Қытайдағы елшілігіне сілтеме жасап.

Құбыр желісінің іске қосылу рәсімі сәрсенбі, қаңтардың 6-сы күні Президент Құрбанқұлы Бердымұхамедов пен Түрікменстанға ресми сапармен келетін Иран Президенті Махмұд Ахмадинежадтың қатысуымен өтеді.

Дәулетабад кенішінен Түрікменстанның оңтүстік-шығысына қарай газ құбырын тарту жобасы Иранға түрікмен газының жеткізілімін едәуір арттыру туралы екіжақты келісімге сәйкес жүзеге асырылып отыр.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, Түрікменстан, Қазақстан, Өзбекстан және Қытай басшылары - Құрбанқұлы Бердімұхамедов, Нұрсұлтан Назарбаев, Ислам Кәрімов және Ху Цзиньтао - 2009 жылы желтоқсанның 14-інде «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырын іске қосуға қатысқан болатын. Салтанатты рәсім Түрікменабад қаласынан 80 шақырым жерде, Самандепе кенішіне жақын жерде өтті. Газ құбырының ұзындығы 7000 шақырымдай. Оның 188 шақырымы - Түрікменстанның, 525 шақырымы - Өзбекстанның, 1293 шақырымы - Қазақстанның аумағы арқылы өтіп, Қытай аумағы арқылы 4860 шақырымдай желі тартылған. Қытай аумағында газ құбыры Гуанчжоу қаласына дейін жеткізіліп отыр, сол жерден газ әрі қарай басқа құбыр желілеріне айдалады. Келісімге сәйкес Қытайға 30 жыл бойы жылына 40 миллиард текше метрге дейін табиғи газ айдалатын болады. Біздің республикамыздың аумағында бұл газ құбыры Түрікменстаннан Қытайға табиғи газ транзиттеумен қатар, еліміздің батыс кеніштерінен оңтүстік аймақтарға қазақстандық газдың жеткізілімін қамтамасыз ететін болады.

Соңғы жаңалықтар