Түрікменстанның бейтараптық саясаты бейбіт сипатқа ие – елші

«Түрікменстанның бастамасымен 2021 жыл Бейбітшілік және сенім жылы деп жарияланғаны белгілі. Өйткені Түрікменстанның бейтараптығы бітімгершілік, бейбіт сипатқа ие. Біз бүкіл әлемде бейбітшілікті насихаттаймыз», - деді Батыр Реджепов.
Сондай-ақ, елші Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық қарым-қатынасқа тоқталып өтті.
«Орталық Азияда тату көршілік пен достық ахуалын қалыптастыру – Түркіменстанның сыртқы саясатының маңызды аспектісі. Қазақстан Республикасымен достық пен бауырластықтың мызғымас байланысына, қос елдің ортақ көпғасырлық рухани және мәдени қарым-қатынасы негіз бола алады. Қазіргі таңда саяси-экономикалық және сенімді серіктестік негізінде құрылған Түрікмен-Қазақстан диалогы жаңа серпін мен мазмұнға ие. Біздің мемлекеттің өзара ынтымақтастығы жеке мүддені көздемейді. Түрікменстан мен Қазақстан Еуразия кеңістігінде игілікті мақсаттарды жүзеге асыруда екіжақты күш-жігер мен инфрақұрылымды біріктіріп, нәтижесінде ауқымды жобалар іске асып жатыр», - дейді ол.
Дипломаттың айтуынша, екі ел арасындағы бейбіт қарым-қатынастың негізін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Түрікменстан республикасының Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қалыптастырды.
Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынас тақырыбында БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихаты өтті.