Түріктің Ван қаласындағы жарылыстан жараланғандар саны 120-ға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның шығысында орналасқан Ван қаласында полицейлер учаскесіндегі жарылыс кезінде үш адам қаза тауып, 120-дан астам адам жараланды.
Алдын ала деректер бойынша жарылғыш зат автотұрақтағы көліктердің біріне қойылған. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Life.ru хабарлады.
Бұдан бұрын құқық қорғаушылар күдіктіні ұстағаны хабарланған. Жарылыстан кейін кінәлілерді жерден ғана емес, әуеден іздеу операциясы басталды.
US ally #PYD's Turkey branch #PKK explodes a bomb in Van, kills 3 Kurdish civilians, injures 38 others pic.twitter.com/Xw1y3lqU6O
— Ragıp Soylu (@ragipsoylu) 18 августа 2016 г.