Туристер акулаға жем бола жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақ акула жыртқыш балықтар көрсетуге мүмкіндік беретін қорқынышты аттракциондағы экстремал туристер отырған торға шабуыл жасады.

Туристер акулаға жем бола жаздады

Бұл оқиға Оңтүстік Африкада орын алған. Алып акула өзінің кеңістігіне енген бөгде нысан - туристер отырған торға қарсылық көрсетіп, судан секіріп шығады.

Акула торда тесік жасап, туристерді талап тастауға әрекеттенді. Шабуыл кезінде адамдардың жан айқайы естілді. Акула тор әлі суға бата қоймаған сәтте шабуылдады.