Туристер бір жылдың ішінде Треви субұрқағына 1,4 млн еуро тастаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Римдегі туристік  дәстүрлердің бірі -  Треви (Fontana di Trevi) субұрқағына монета тастау  жыл ішінде 1,4 миллион еуро кіріс әкелді. 

Туристер бір жылдың ішінде Треви субұрқағына 1,4 млн еуро тастаған

Бұл ақша қайрымдылыққа бағытталды, деп жазады италиялық La Repubblica басылымы.

Елдегі ірі және әлемге танымал субұрқаққа туристердің қызығушылығы басым болып отыр және өзіндік ырымға да ие.  Егер оған арқасын беріп  оң қолымен монета тастаған жан  Римге тағы келеді деген түсінік қалыптасқан.

Туристер қалдырған ақша Caritas халықаралық католиктік қайырымдылық ұйымына беріледі және кедей отбасыларына арналған тегін супермаркет жобасын, асханалар, мен кедейлердің тұрағын қаржыландыруға бағытталады.

Бұрындары көбінесе еуро, доллар және иеналар табылатын болса, кейінгі кездері австралиялық доллар көптеп кездесіп отыр.

Айта кеткен жөн, Треви субұрқағы Римде ғана емес, Италиядағы ең үлкені. Оның ені 20 метрге, ал биіктігі 26 метрге жетеді.