Туристер болған жоқ: Дағыстандағы тікұшақ апатына қатысты жаңа мәліметтер
АСТАНА. KAZINFORM — Дағыстанда апатқа ұшыраған тікұшақ бортында туристер болған жоқ. Бұл туралы Дағыстанның Аймақтық басқару орталығының (АБО) басшысы Исрафил Исрафилов айтты, деп хабарлайды ТАСС.
— Тікұшаққа қатысты жағдайға келетін болсақ, бұл туристік тікұшақ емес еді, оның бортында туристер болған жоқ. Иә, қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатыр, — деді ол.
Бұған дейін тікұшақ апатында төрт адам қаза тауып, үш адам жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Апат жердегі жеке үйді қиратты; ішінде ешкім болған жоқ. Оқиға орнында өрт шықты. Тікұшақ Кизлярдан Избербашқа ұшып бара жатқан; ол жеке меншік және жеке рейсті орындаған.
Бұған дейін Дағыстанда туристерді тасымалдаған тікұшақ апатқа ұшырап, бірнеше адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.
Құлаған тікұшақ жердегі жекеменшік үйді қиратты, оның ішінде адамдар болған жоқ. Оқиға орнында өрт шықты. Үйде ешкім тұрмаған.
Дағыстан ТЖМ нақтылауынша, жекеменшік болған және жекеменшік рейс орындаған. Тікұшақ Кизлярдан Избербашқа ұшып бара жатқан.
Зардап шеккен үш адам Избербаш ауруханасына жеткізілді. Дағыстандағы тікұшақ апатынан зардап шеккендердің екеуі Избербаш ауруханасынан республикалық күйік орталығына жеткізіледі, деп хабарлады Дағыстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.