Туристік кластердің көркейетін күні жақын

Оларды келешегі бар салаларға бағыттау керек, мысалы, туризм саласына. Дамыған мемлекеттердің жалпы ішкі өнімінде туризм кластерінің үлесі 10 пайызды құрайды. Ал бізде бұл 1 пайыздан төмен. Сондықтан мемлекеттегі туризмнің өсу және даму нүктелерін анықтау керек, олар аз емес» деп атап көрсеткені белгілі.
Президент тапсырмасына сәйкес, елде туризм саласын дамытудың жоспары жасалды. Осыған байланысты арнайы бірқатар заңдар қабылданды. Осы ретте Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, сонымен қатар маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары әзірленді, деп жазады Айқын.
Елбасының тапсырмасына сәйкес 2020 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасында атап көрсетілгендей, елімізде 5 туристік кластер құрылды. Атап айтар болсақ, Астана агломерациясы, Алматы, Шығыс, Оңтүстік және Батыс Қазақстан. Осы кластерлер бойынша бірыңғай жоспар әзірленіп, инфрақұрылымның қайда орналасатыны қазірдің өзінде анықталды.
Елбасы тапсырмасына сәйкес құрылып отырған 5 туристік кластердің бірі Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан мұндағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризмнің нысаны болғанын айта кету қажет. Оларға түркі әлемінің ежелгі шаһары Түркістан, Қожа Ахмет Яассауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Одан басқа Арыстан баб кесенесі, Ибраһим ата бейіті, Қарашаш ана кесенелері келушілерді қызықтыратыны сөзсіз.
Оңтүстік Қазақстан аймағы бойынша құрылатын кластер Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін құрайды. Демек, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасында атап көрсетілгендей, осы аймақ бойынша Шымкент қаласы кластердің орталығы болады.
Расында да Шымкент қаласы кейінгі кезде шырайланып, қалаға келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді. Себебі, шырайлы қалада келушілерді қызықтыратын көрікті жерлер өте көп. Негізі, көзбен көргенге ештеңе жетпейді ғой. Жалпы, қаланың жылы аурасы жұртшылық-ты өзіне жақын тартады. Осы өлкенің энергетикасы адамды немқұрайды қалдырмайды. Мұнда қызықты, ең бастысы, оларсыз шаһарды елестете алмайтын көп нәрселер бар.
1. Өзіңді баурап әкететін мегаполиспен танысудың ең жақсы әдісі - ескі және жаңа көше бойымен серуендеу. Автокөліктің жабық терезесінен шуақты өлкенің әсемдігін көруге болар. Бірақ көлікпен көп қыдырған-нан гөрі велосипедті пайдаланып, қаланың көптеген аудандарында тұрған Shymkent Bike-ті жалға алғанның жөні артық.
2. Екі қабатты экскурсиялық автобуспен қаланы аралап, оның ерекшелігін сезінген дұрыс. Гидсаяхатшыларға негізгі тарихи ескерткіштерді, қаладағы қазіргі сәулетті орындарды жалықпай көрсете алады. Бұл бір кештің ішінде қаламен танысып өту үшін жасалған тамаша мүмкіндік.
3. Қаланың дәл ортасында ең таза Кошқар ата өзені ағады. Суының дәмін татып, оның шипалы қуатын ғана емес, шымкенттіктерге тән мейірімді энергетикадан да күш алуға болады. «Бұл өзеннен су ішкен адам міндетті түрде осында тағы да оралады» деген деректі аңыз бар.
4. Мұндағы жануарлар паркі келушілерді қуана қарсы алады. Қонақтар әртүрлі жануарларды қызықтайды.
5. Саяхат аса жалықтырмас үшін жаңа «Жайлаукөл» демалыс саябағында кішкентай үзіліс жасауға болады. Орта Азиядағы ең биік Altyn eye шолу доңғалағына шығып, қаланы алақандағыдай айқын көргеннің орны бөлек.
6. Әрине, қала өзінің қанықты өмірімен қызықтыратынына ешкімнің күмәні болмайды. Шырайлы шаһарда ешқандай басқа қалада жоқ алуан түрлі тағамдар бар. Әйгілі Шымкент кәуаптары, тандыр самсасы, хош иісті палау, нағыз шығыс шайының жөні бөлектігін дәм тату арқылы ғана сезінуге болады.
7. Қала тұрғындарының ең сүйікті жері - әйгілі «Дендропарк». Мұнда тұрғындар отбасылық сейіл құрып, самал желмен және таза ауамен тыныстап, демалады. Дәл осында қаланың нағыз қайнаған өмірін көруге болады. Жас жұбайлар аллеясында ғашықтарға көз тастап, «Махаббат патшалығы» сарқырамасында тілек тілеуге болады.
8. Облыстық өлкетану мұражайы оңтүстік өңірдің 2200 жылдық тарихынан сыр шертеді. Ұлы Жібек жолындағы ежелгі қалалардың мәдениеті мен тарихы туралы, сондай-ақ бірнеше ғасыр бұрын осы жерді мекендеген қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелер де жұртшылықтың танымына зор әсер ететіні даусыз.
9. Қала тұрғындарының түнгі өмірі Тәуелсіздік саябағында жалғасады. Музыкалық бұрқақтар классикалық және қазіргі заманғы музыканың сүйемелдеуімен түрлі түсті нұр шашып, саябақ ұдайы мереке сезімін тудырады. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына салынған бұл саябақтың Шымкент үшін орны ерекше.
10. Қаладан 40 шақырым жерде орналасқан Қазығұрт тауы қажыға барушылар үшін жинала-тын тарихи мекен. Ортағасырлық сәулеттің жауһары - ондаған мың туристер жиналатын ежелгі Түркістан түркі дүниесінің бесігі болса, Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енгізілген киелі жер.Ақ мешіт үңгірі көмекке мұқтаж жандарға өзінің ғажайып күшімен қуат береді. Азиядағы айшықты Ақсу-Жабағылы қорығы да жұртшылықтың есінен мәңгі кете қоймайды.
11. Шымкент базары арзан әрі мұнда құстың сүтінен басқаның барлығын да кездестіруге бола-ды. Шығыс тәттілері, кептірілген жеміс пен оңтүстіктің құртының орны бөлек. Қонақтар өзімен бірге қайтарда базарлық алып кетуді әрқашан да ұмытпайтын себебі де осы.
12.Жібек жолы бойындағы бұл қаланың жұртына тән бір нәрсе бар: Ол қонақжайлылық пен бауырмалдылық. Расында олардың бойынан жылы шырайлылық және қарапайымдылық көрініп тұрады.
13. Естелік үшін суретке түсудің жөні бөлек. Сондықтан Жібек жолы бойындағы қаланың қарыштап дамып, көркейіп келе жатқаны шын мәнінде, көңілді көтереді.
Оңтүстік Қазақстан облысында сонымен қатар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасында атап көрсетілген тарихи жерлер жетерлік. Елбасы тапсырмасына сәйкес, туристік кластерге еніп отырған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, ортағасырлық Отырар қалашығының және ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген отырарлық алқаптың археологиялық объектілері, Сауран археологиялық кешені, ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген палеолиттік бөліктері мен геоморфологиясы және Арпаөзен петроглифтері бар «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы, ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркі де біздің мақтанышымыз, көрікті жеріміз.
Ең айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан кластері болашақта «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталып, осы аймақ бойынша Шымкент қаласы кластердің орталығы болады.
Президенттің 5 институттық реформа, 100 нақты қадамының 57-қадамында. «Туристік кластер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту» туралы мәселе айтылған. Сондықтан алдағы уақытта Қазақстандағы туристік кластердің дамуы экономикаға, экологияға, технологияға, басқа да салалардың көркейіп, кіріс көзін арттыруға себепші болатынына сенім мол.