Туризм ел экономикасының негізгі саласына айналмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде «түтінсіз өнеркәсіп» атанған туризм саласын дамыту экономиканың басым бағыттарына айналуы тиіс. Ол үшін бұл салаға қажет қаражат көлемі бюджеттен толыққанды қарастырылумен қатар түрлі салықтық жеңілдіктер, арзан несие, субсидия мәселері жүйелі түрде шешілуі ләзім.
None
None

Үкімет биыл 2020 жылға арналған жаңа тұжырымдамасын таныстырған болатын. Онда туризм саласының әлемдік экономикадағы рөлі айтарлықтай маңызға ие екендігі, мәселен, дүние жүзінде әрбір он бірінші жұмыс орнының осы саладан ашылып отырғандығы атап көрсетілген еді. Айталық, әлем деңгейіндегі жалпы ішкі өнімде туризмнің үлесі он пайызға жетуге таяу екен. Тіпті бірқатар елдерде бұл көрсеткіш жиырма пайызға жақындап қалған. Осылайша, туризм саласы көптеген елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты тетігі қызметін атқарып отыр. Қазақстанның да осындай деңгейге жетуге толық мүмкіндігі бар. Бұл үшін алдымен қаржылық және заңнамалық тұрғыдан қолдау қажет.

Жалпы еліміз үшін бүгінде әсіресе, Қазақстанда халықаралық туризм нарығына енудің бізде нақты перспективалары бар. Мәселен, туризм өсімінің үштен екі бөлігі көршілес мемлекеттер арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан үшін бұл шамамен он миллион туристерді қамтиды және бұған Қытай, Ресей, Таяу Шығыс пен Еуропаны да қамтуға болады. Алайда, жоғарыда айтылғандай, инфрақұрылымның нашарлығы, қызмет сапасының төмендігі салдарынан елдегі Қазақстан туризмі шетелдіктерді айтпағанда, өз халқымыз үшін тартымсыз сала болып отыр. Қазақстандық туристер арқылы елімізден жылына 400 млн доллар шетел асып жатыр. Мұның басты себебі еліміздегі демалыс орындары құнының жоғарылығы. Бағаның қымбаттығы да тойып секіруден емес. Кәсіпкерлер демалыс орынын салуға кеткен және қыс мезгілі кезінде жұмыс істемеген уақыттардағы шығындарын өндіру үшін осылай етуге мәжбүр.

Дегенмен, туризм саласын дамытуға қаржы аз бөлініп жатқан жоқ. Мәселен, Қазақстанда Туризмді дамытудың бес жылға (2007-2011 жылдар) арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, оның шеңберінде ел бюджетінен 60 млрд теңгеге дейін қаражат қарастырылған. 2010 жылы аталған бағдарлама индустриалды саясат құрамының бірі ретінде Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына жеке бөлім болып енгізілді.

Алайда, индустрияландырудың 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезең жобасына туристік сала қосылмай қалды. Бұл біздің осы сегментке немқұрайлы қарағандықтың белгісі. Ең өкініштісі, сала жұмысы тиісті бақылаудан сырт қалған. Сол себепті туризмнің толыққанды дамуына жұмыс істейтін пәрменді бағдарлама қабылдап, онда сырттан келетін және ішкі туризм көлемін ұлғайту есебінен тұрғындарды жұмыспен, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру туралы мәселе көтеріліп келеді. Бұл үшін Үкімет және жергілікті атқарушы органдар жоғарыда аталған шаралармен қатар денсаулық және санитарлық-гигиеналық жағдайлардың жай-күйіне бақылауды күшейтіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және инвестициялық преференциялар беру тетіктерін жетілдіріп, өңірлік деңгейде жеке туризм басқармаларын құру, туризм саласындағы саясаттың іске асырылуына бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін бекітуге қатысты шаралар қабылдауы қажет.

Соңғы жаңалықтар