Түрік лирасы құнсызданды: 200 лираның құны 5 доллардан төмендеді

АСТАНА. KAZINFORM – Түркиядағы ұлттық валютаның құнсыздануы салдарынан елдегі ең ірі банкнот – 200 лираның құны 5 АҚШ долларынан төмен түсті. Бұл жағдай соңғы жылдары Түркия экономикасы тап болған проблемалардың ауқымын айқын көрсетіп отыр.

 Лира босим остида: Туркиянинг ташқи савдо тақчиллиги июнь ойида 40 фоизга ошди
Фото: www.sozcu.com.tr

16 қыркүйектегі жағдай бойынша 1 доллар шамамен 41 түрік лирасына, ал 1 еуро 48,5 лираға тең.

Соңғы валюта нарығы деректеріне сәйкес, 200 лира енді 5 доллардан аз сомаға айырбасталады. Бірнеше жыл бұрын бұл банкнотпен 30 доллардан астам алуға болатын.

Ұлттық валютаның құнсыздануы түріктердің күнделікті қажетті тауарларын барған сайын қымбаттатып, халықтың сатып алу қабілетін төмендетіп, инфляциялық қысымды күшейтіп отыр.

Сарапшылар лираның әлсіреуін бірқатар факторлармен байланыстырады: ақша-несие саясатының тұрақсыздығы, жоғары инфляция, инвесторлардың кетуі және геосаяси шиеленістер. Түркия Орталық банкінің инфляцияны ұстап тұруға талпынысына қарамастан, лира құнсыздануын жалғастыруда.

Мұндай жағдайда елде жоғары номиналды жаңа банкнота енгізу жөнінде пікірлер айтылуда. Қазір қолма-қол есеп айырысудағы ең ірі ақша – 200 лира. Дегенмен, соңғы 16 жылда оның сатып алу қабілеті 95 пайызға төмендеген.

Еске салайық, 2025 жылдың алғашқы бес айында түрік лирасы дамушы елдердің валюталары арасында ең нашар динамика көрсеткен еді.

Соңғы жаңалықтар