Түркі мемлекеттері ұйымы туын ғарышқа жібермек

АСТАНА. KAZINFORM — Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) өз туын ғарышқа жібереді. Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Бішкекте өткен ТМҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының төртінші кездесуінің қорытындысы бойынша журналистерге мәлімдеді, деп жазды Kabar агенттігі.

Түркі мемлекеттері ұйымы туын ғарышқа жібермек
Фото: Kabar

Оның айтуынша, ТМҰ — түркі әлемінің мыңжылдық тарихына, мәдениетіне және мұрасына негізделген бірегей ұйым.

– Ұйым аясында сыртқы саясат, сауда, экономика, ауыл шаруашылығы, туризм және тіпті ғарышты қамтитын 40-тан астам платформа құрылды. Жақын арада біз ТМҰ туын түркі әлемінің бірлігінің символы ретінде ғарышқа жөнелтеміз, – деді Омуралиев.

Айта кетейік, бұған дейін Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер діни көшбасшыларының кездесуі өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар