Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде бірқатар құжат қабылданды

БУДАПЕШТ. KAZINFORM — Мемлекеттер басшылары саммит қорытындысы бойынша  құжаттар қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде бірқатар құжаттар қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылдады:

1. Түркі мемлекеттері ұйымының Будапешт декларациясы;

2. Мемлекеттер басшылары кеңесінің Ауғанстан жөніндегі мәлімдемесі;

3. Өзбекстан Республикасын Түркі мәдениеті және мұрасы қорына қосу туралы шешім;

4. Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының өкілеттілік мерзімін ұзарту туралы шешім.

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде бірқатар құжаттар қабылдады
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысып, өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанға ризашылығын білдірген еді. 

Осы жиында Президент мұнай, газ, уран және тағы да басқа тауарларды жеткізу тізбегін әртараптандыру ісінде Ұйымның әлеуетін пайдалану қажет екеніне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар