Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Қарабақ декларациясы қабылданды

Түркі
Фото: Ақорда

ШУША. KAZINFORM – Әзербайжан Республикасында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті. Жиын соңында Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығын нығайту туралы мемлекеттер басшыларының шешіміне қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар саммит қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды.

Қарабақ
Фото: Ақорда
Қарабақ
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Шушада «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» тақырыбында Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммиті өтті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде, ең алдымен, саммиттің «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» деген тақырыбы барлық елдің мүддесіне сай келетінін атап өтті.

Сондай-ақ аталған басқосу түркі елдерінің игілігін көздейтініне, дамудың тың бағыттарын айқындайтынына және бауырластық байланысты нығайтып, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететініне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі төрағасы ретінде оның қызметі барынша тиімді болғанын қалайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттерін Каспий және Арал теңізіндегі экологиялық мәселені бірігіп шешуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар