Түркі академиясы «Түркі әлемінде тұлғалар тағылымы» атты семинарлар топтамасын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Түркі академиясы халықаралық ұйымы бауырлас татар халқының көрнекті қайраткері Әбдірәшит Ибраһимге арналған «Түркі әлемінде тұлғалар тағылымы: Әбдірәшит Ибраһим» атты ғылыми семинар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

null

«Бүгін Түркі академиясында түркі әлемінің танымал тұлғаларына арналған арнайы семинарлар  топтамасын бастап отырмыз. Алғашқы семинарымыз түркі әлеміндегі көрнекті тұлғалардың бірі, татар халқының көрнекті қайраткері Әбдірәшит Ибраһимге арналады. Ол түркі халықтарының автомониясы жайында ең бірінші болып мәселе көтеріп, Жапония мен түркі әлемі арасын байланыстырған көпір бола білді десек артық айтқандық емес. Мұнан бөлек, ол Қазақстанмен де тығыз байланыста болып, Ақмолада мұғалімдік қызмет атқарған. Тіпті 1907 жылы Петерборда «Серке» журналын алғаш шығарған да еді. Сонымен қатар ол түркі елдерінің барлығын аралап шыққан саяхатшы да», - деді семинардың ашылуында сөз сөйлеген Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі.

Оның айтуынша, алдағы уақытта да бұл семинарлар топтамасы өз жалғасын тауып, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Ағаұлы, Зәки Уәлиди Тоған сынды  бүкіл түркі әлеміне ортақ тұлғаларына арналатын болады.

null 

Түркі жұртының тегеуірінді  тұлғасы Ә.Ибраһимнің туғанына 160 жыл толуына орайластырған семинарда Жапонияның белгілім ғалымы, білікті түркітанушы, профессор Хисао Коматсу түрік тілінде дәріс оқыды.

null 

«Мен үшін алдарыңызда сөз сөйлеу зор құрмет. Менің сіздердің алдарыңызда қозғайын деп отырған тақырыбым «Жәдитшілдік және Жапония» деп аталады. Өздеріңіз білесіздер, Әбдірәшит Ибраһим көптеген мақалалар жазған журналист, саяхатшы, көрнекті қайраткер. Ол Жапонияда 2 жыл тұрып, жапон халқын мұсылмандармен таныстыруға  тырысқан ғалымдардың бір», - деген жапон халқы татардың көрнекті қайраткерінің өміріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар ол отырысқа қатысушыларды қызықтырған сауалдарға да жан-жақты жауап берді.

null 

Семинар соңында Дархан Қыдырәлі жапон ғалымына мазмұнды баяндамасы үшін алғысын білдіріп, «Түркологияны зерттеуге қосқан зор үлесі үшін» Түркі академиясы халықаралық ұйымының құрмет грамотасымен марапаттады.

null 

Соңғы жаңалықтар