16:07, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Түркі Академиясының делегациясы Түркияда алтайтану конференциясына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда жұмыс сапарымен жүрген Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Ардахан қаласында Халықаралық Алтайтану тұрақты конференциясының (Permanent International Altaistic Conference - PIAC) Бас xатшысы Барбара Кельнер-Хенкель ханыммен кездесіп, пікір алмасты, деп хабарлады академияның баспасөз қызметі.

Екіжақты кездесуде Д.Қыдырәлі ұйымның қызметі және келешек жоспарлары жөнінде әңгімелеп, Б.К. Хенкель ханымды Астанаға шақырды.
Айта кету керек, TWESCO басшысы бастаған Академия делегациясы бүгін Ардахан университетінде басталатын Халықаралық