Түркі әлеміне туристерді көптеп тарту керек - Н. Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркітілдес мемлекеттердің ортақ игілігіне бастайтын маңызды бағыт - туризм. Бұл туралы бүгін
None
None

түркиялық Бодрум қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің төртінші саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біз туристерді Түркі әлеміне көбірек тартуға тиіспіз. Мысалы, былтыр қытай туристерінің саны 100 миллионға жеткен. Олардың Қытайдан тысқары елдерде жұмсаған шығыстары 102 миллиард долларды құраған. Бұл көрсеткіш алдағы онжылдықта екі есеге артады деп болжанып отыр. Осыған орай бәріміз бірлесіп, туризм саласын жаңғыртуымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент Түркі әлемінде де жаһан жұртын тамсандыратын табиғат жауһарлары мен тарихи орындар жеткілікті.

«Бұл - Ұлы Жібек жолының сан тарау жолдары жалғасқан айшықты өңір. Күш біріктірсек, әлемге әйгілі осы брендті Түркінің игілігіне жаратуға болады деп санаймын.Біздің бастамамызбен «Түркі кеңесі - заманауи Жібек жолы» атты бірлескен туристік өнім шығару қолға алынды. Ұлы Жібек жолы бойынша электрондық туристік жолнұсқа әзірлеу жұмыстары басталды. Ұлы Жібек жолы төрткүл дүниені тоғыстыратын Ұлы Жаһан жолына айналуға тиіс», - деп түйді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар