Түркі ғалымдары ұлт азаттық көтерілістің құрбандарын үнсіздікпен еске алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) ұйымдастыруымен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына арналған «Тарихтан ‒ тағылым» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
None
None

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің ғалымдары, тарихшылар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен жас зерттеушілер қатысты.

TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі конференцияны аша отырып, алдымен азаттық жолында құрбан болған ата-бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.

«Бүгін  біз жаңа құжаттар негізінде тарихтан тағылым алуға, сондай-ақ,  1917 жылғы ақпан төңкерісі мен қазан төңкерісіне және бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына апарып соққан тек Орталық Азиядағы ғана  емес, әлем тарихында елеулі орны бар үлкен оқиғаны бірге пайымдау және атап өту мақсатында жиналып отырмыз. Сондықтан, жиын басталмас бұрын 1916 жылғы көтеріліс кезінде, ұлт азаттық қозғалыс кезінде, босқыншылық кезінде, одан кейін келесі жылы жүз жылдығын атап өтетін Алаш қозғалысы кезінде шейіт болған құрбандарды, жалпы, бүкіл азаттық құрбандарын бір сәт тағзым етіп, еске алуға шақырамын»,-деді Д.Қыдырәлі.

Конференция аясында екі пленарлы отырыс өтті. Бірінші отырыстың тақырыбы - «1916 жылғы көтеріліс: тарихи дереккөздер және жаңаша көзқарас» тақырыбында өрбісе, екінші жалпы отырыс - «1916 жылғы көтерілістің Орталық Азиядағы тарихи ықпалы мен мәні» атты тақырыпты қамтыды.

Соңғы жаңалықтар