Түркі халықтарының дүниежүзілік құрылтайына қатысушылар бомба жайлы хабарламадан кейін тарап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рух Ордо» мәдени орталығында (Ыстық көл облысы, Чолпон Ата қаласы) жарылғыш зат орнатылғандығы жайлы хабарлама жалған болып шықты. Бұл жайлы өңірдің ІІБ мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.

Түркі халықтарының дүниежүзілік құрылтайына қатысушылар бомба жайлы хабарламадан кейін тарап кетті

Жарылғыш зат орнатылғандығы жайлы жасырын хабарлама полиция қызметінің кезекші бөліміне таңертең ерте түскен.

Тәртіп сақшылары орталықты қоршауға алып, барлық адамдар кешеннен аулақ аймаққа шығарылды. Саперлер де жұмылдырылды, алайда ешқандай жарылғыш және басқа да күдік тудыратын зат табылған жоқ.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері хабарлама берген қоңырау шалушыны іздестіруде.

Айта кетейік, бүгін Чолпон Атада Түркі халықтарының дүниежүзілік құрылтайы өтуге тиіс болатын. Шараны «Рух Ордо» мәдени орталығында өткізу жоспарланған. Алайда, жарылғыш құрылғы жайлы хабарламадан кейін қатысушылардың бәрі тарап кетіп, құрылтай өтпей қалды. Форум сәл кейінірек Қазақстанда өткізілетін болды, деп хабарлады 24.kg.