18:27, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Түркі Кеңесінің Бас хатшысы лауазымына Әзербайжан елі ұсынған кандидатураны қолдаймыз - Н. Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі Кеңесінің жаңа Бас хатшысы лауазымына Әзербайжан ұсынған кандидатураны қолдады. Бұл жайында Президент бүгін түркиялық Бодрум қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің төртінші саммитінде айтты.
«Енді Түркі Кеңесін институционалдық тұрғыдан нығайту мәселесіне тоқталғым келеді. Түркі Кеңесінің толыққанды интеграциялық ұйым ретінде қалыптасуына бәріміз мүдделіміз. Биыл Ұйымның тұңғыш Бас хатшысы Халил Акынжы мырзаның өкілеттік мерзімі аяқталып отыр. Біз оның бұл қызметін жоғары бағалаймыз және сол үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ Бас хатшы лауазымына Әзербайжан елі ұсынған Рамиль Гасанов мырзаның кандидатурасын қолдаймыз», - деді Елбасы.