Түркі тілдес халықтардың ғалымдары бірігіп, жалпы түркі тарихын зерттеуі тиіс - Елбасы

амырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Түркі тілдес халықтардың ғалымдары бірігіп, жалпы түркі тарихын жіті зерттеуі тиіс.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада Түркия Президенті Абдолла Гүлмен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркі тілдес елдер әлемнің өркендеуіне зор үлес қосты. Қай елдің тілін алып қарамаңыз, ішінде түркінің сөздері кездеседі. Түркі тілдес халықтар өз заманында дүниеге ықпал етті. Ол тарихтан біз ажырап қалдық. Сондықтан біздің ғалымдарымыз бірігіп, түркі тарихын зерттеуі тиіс. Біздің батыр бабаларымыздың жасаған ерлік істері Батыс тарихындағы ұлы адамдардың ісінен еш кем емес. Соның барлығын елге паш ету керек, деді Елбасы.

Осы орайда Президент тәуелсіздік жылдарында түркі тілдес елдердің басын біріктіруде ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап көрсетті. Мәселен, түркі тілдес мемлекеттердің кеңесі құрылды, Қазақ-түрік университеті өмірге келді, енді Астанада Түркі әлемінің академиясы ашылғалы жатыр. Осы жұмыстардың барлығы келер ұрпақ үшін жасалып жатыр. Келер ұрпақ түркі тілдес халықтардың тегі, тілі, ділі бір екенін білуі тиіс. «Меніңше, бұл атқарылып жатқан шаралар түбінде жақсы нәтиже беретін болады», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар