10:22, 02 Ақпан 2017 | GMT +5
Түркімен президенті құрылысшыларға өзі шығарған әнді орындап берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстан Президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов Ахал уәлаятына жасаған сапары барысында газ-химия кешенін салып жатқан құрылысшыларға өзі шығарған әнді орындап берді. Бұл жайында ҚазАқпарат chrono-tm.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарияланған ақпаратқа қарағанда әңгімелесу барысында құрылысшылардың бірі президентке гитарамен ән салып берген. Осыдан кейін қолына гитара алған Бердімұхамедов өзінің «Bagt nury» деген әнін орындаған. Айта кетерлігі, бұл әнін ол осыдан бір ай бұрын жаңажылдық мерекеде шырқаған болатын.
«Кездесуге қатысушылар үшін мемлекет басшысының елдің қыз-келіншектеріне Халықаралық әйелдер күні құрметіне орай бірнеше жаңа ән шығаруға уәде беруі тосын сый болды», - деп жазады аталған ақпарат құралы.