Түркінің ішінде жігіттің сұлтаны - қазақ - Н.Назарбаев

ЫСТАМБҰЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Түркінің ішінде жігіттің сұлтаны - қазақ. Бүгін Ыстамбұлда өткен Түркия-Қазақстан іскерлік және инвестиция форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

«Біз бүкіл түркі халқының ата жұртында тұрып жатырмыз. 1861 жылы қазақтың соңғы ханы өлтірілгеннен кейін біз Ресей патшалығының,  одан Кеңес Одағының боданы болдық. 150 жылдың ішінде қазақ деген халық өзінің ұлттық салт дәстүрін, тілін, дінін, дәстүрін ұмытуға аз қалды. Жаратқанның қолдауымен 1991 жылы біз өзіміздің тәуелсіздігімізді жарияладық. Сіздердің бабаларыңыз атажұрттан бері қарай жылжыған кезде Түркі қағанатының ішінен түрік деген атты өздерімен алып кетті. Қазірге дейін түркінің ішінде жігіттің сұлтаны, ең жақсы жігіт қандай дегенде қазақ дейді. Сол қазақ бізбіз», деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 1991 жылдың 16 желтоқсанында күндізгі сағат 4-те Қазақстан Парламенті тәуелсіздік жариялағандығын, 1 сағаттан кейін марқұм Тұрғыт Өзал қазақ елін құттықтағандығын атап өтті.

«Түрік мемлекеті дүние мемлекеттерінің ішінде ең бірінші болып біздің тәуелсіздігімізге қуанды, біздің тәуелсіздігімізді мақұлдады. Біздің халық оны еш уақытта ұмытпайды», - деді ҚР Президенті.

 

 

Соңғы жаңалықтар