Turkish Airlines ұшағын пластикалық құтыға құйылған сумен жумақ болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әуежайлардың бірінде (қайсысы екені анықталмаған) қызметкерлер Turkish Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың қанатын қолмен жууға талпынды. 

Turkish Airlines ұшағын пластикалық құтыға құйылған сумен жумақ болды

Бұл үшін олар пластикалық құтыдағы мұздануды болдырмайтын суды  пайдаланған. Бұл көріністің видеосы YouTube желісінде жарияланды.

Техникалық қызметкерлердің  әрекеті сәтсіздікке ұшырады - пластик құты қолдан түсіп кетіп, салонға қарай сырғыды. Airlive порталының хабарлауынша, техниктер рейс алдында лайнерді мұздануға қарсы дайындықтан өткізгісі келген.