15:21, 23 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Түркістан қалалық сотының төрағасы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан қалалық сотының төрағасы ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Түркістан қалалық сотының төрағасы О.Серікбаевтың қылмыстық ісін әшкереледі. Күдікті сотталушының жазасын жеңілдетіп беремін деп, оның адамынан 3 млн теңге алған»,-деп жазылған хабарламада.
О. Серікбаев енді жасаған қылмысына қатысты жинақталған дәлелдер бойынша ҚР ҚК 190 бабының 3 бөлімі, 1,2 тармақтары бойынша жауапқа тартылады.