Түркістан қаласының іргесінде оралмандар үшін 600 орындық жаңа мектеп салынып жатыр

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Түркістан қаласының іргесіндегі Оралмандар ауылында Мемлекет басшысының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы негізінде 600 орындық жаңа мектеп салынып жатыр.
None
None
Құрылыс жұмысы 2008 жылы тамыз айында басталған. Қазір ғимараттың үшінші қабаты бой көтеріп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Құрылыс жұмыстарын жергілікті мамандардан жасақталған «Сәулет-құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. Нысанның сметалық құны 664 млн. теңгені құрайды. Оның 282 млн. теңгесі 2008 жылы игерілуі жоспарланған болатын. Бұл жоспар өз деңгейінде орындалып, бөлінген қаржы толық игерілген. Қазір техника, жұмысшылар күші, құрал-жабдықтар жеткілікті. Серіктестіктің өз көліктері бар. Құрылыс басында негізінен жергілікті адамдар еңбек етуде. Сонымен қатар Түркістан қалалық Еңбекпен қамту бөлімі жіберген 40 адам жұмыс істеп жатыр. «Мектепті жоспар бойынша 2009 жылы қыркүйектің 1-інде пайдалануға беру белгіленген. Мектеп жанындағы жылу қазандығы және басқа қосымша құрылыстары да қатар жүргізілуде. Жуырда үшінші қабатты жауып, шатырын салуға кірісеміз. Содан кейін жылуды қосып, ішкі әрлендіру жұмыстары басталмақ. Мұнда шетелден көшіп келген қандастарымыздың балалары оқитын болады. Бұл жер оралмандар үшін берілді. Біраз қандастарымыз өз үйлерін тұрғызып та алды. Әлі салып жатқандары да бар»,- дейді «Сәулет-құрылыс» ЖШС-нің директоры Мұрат Үмбетәлиев.Ал мектепте үлкен спорт залы қарастырылған. Қазіргі заманға лайықты мәжіліс залы, кітапханасы, асханасы бар.
Соңғы жаңалықтар