Түркістан мен Алматы облыстарында өзен суының деңгейі көтеріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан мен Алматы облыстарында өзен суының деңгейі көтеріледі. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан мен Алматы облыстарында өзен суының деңгейі көтеріледі

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес, 16-19 мамыр күндері мол жауын-шашын түсуіне байланысты Түркістан мен Алматы облыстарының таулы аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумағында тау баурайларынан ағын су жүріп, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - делінген комитет ақпаратында.