Түркістан облысында 5 ауылдың әкімдерін сайлау өтеді

Мәлім болғандай, Түркістан облысындағы мына елді мекендердің әкімдері сайланады:
- Арыс қаласының Дермене ауылдық округ әкімі;
- Сарыағаш ауданының Жартытөбе ауылының әкімі;
- Сарыағаш ауданының Дербісек ауылының әкімі;
- Сауран ауданының Жүйнек ауылының әкімі;
- Созақ ауданының Қарақұрт ауылының әкімі.
Жоғарыда аталған барлық елді мекеннің әкімдерін сайлау бір уақытта, яғни 14 мамырда өтеді.
«Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсынған кандидаттарды тіркеу 6 сәуірден басталады және сайлау өткізілетін күнге 25 күн қалғанда, яғни 19 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады», - делінген Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында жариялаған хабарламада.
Бұрын хабарлағандай, мамырда Ақтөбе облысына қарасты 4 ауылдық округтің әкімдерін сайлау өтпек.