Түркістан облысында қоқыс полигондарының иелеріне 4 млн теңге айыппұл салынды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында санитариялық талаптарға сәйкес келмеген қоқыс полигондарының иелеріне айыппұл салынды. Кемшіліктерге жол берген 11 заңды, 1 лауазымды тұлға жалпы сомасы 4 226 940 теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 127 полигон бар. Олардың 70-і мемлекеттің меншігінде болса, қалған 57 полигон жекеменшіктің балансына берілген.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы құзыретті органдармен бірге мемлекет меншігіндегі полигондар жұмысына мониторинг жүргізіп, біршама кемшіліктерді анықтады.

«​​​​​​​​Жалпы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының санитариялық-қорғаныш аймағы 1000 метр болуы тиіс. Ал, Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданында полигонның санитариялық-қорғаныш аймағында тұрғын үйлердің орналасуына жол берген», - дейді Түркістан облысының СЭБД баспасөз хатшысы Ардақ Берден.

Сондай-ақ, тексеру нәтижесінде полигондардың басым бөлігінде қоқыс тасымалы көліктерінің дөңгелектерін зарарсыздандырушы дезинфекциялау бетон ваннасының болмауы, полигон айналасының қоршалмауы, дезинфекциялық шаралардың жүргізілмеуі сынды ҚР ДСМ бекіткен санитариялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталған.


Соңғы жаңалықтар