Түркістан облысында мемлекеттік қызметтер сапасы қандай

Басқосуға облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары И. Досходжаев пен басқарма басшылары, аудан-қала әкімі аппарат басшылары қатысты.
Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізген қоғамдық мониторингтің нәтижелері мен Елбасы Жолдауында мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіруді 2020 жылы 90%-ға жеткізу бойынша атқарылатын шаралар туралы баяндалды.
Бұдан бөлек, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б. Әлімбетов департамент жүргізген профилактикалық бақылау нәтижесінде орын алған кемшіліктер бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Н. Нурашов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделі туралы есеп берді.
Нәтижесінде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар енгізілді.