Түркістан облысында су тасқыны қаупі төнген 3 үш ауылдың халқы эвакуацияланып жатыр

Еске сала кетейік, ауданда коллектордан су төгілуіне байланысты Жаңа тұрмыс және Жеңіс ауылдарын су алып кетті .
Қазіргі уақытта Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендері тұрғындарын эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Мырзакент пен Атакент елдімекендерінің ара қашықтығы - 35 шақырым. Мырзакент елдімекенінде 2848 үй, 14 532 адам бар. Ал Фердоуси елдімекенінде - 314 үй, 2377 адам, Жантақсай елді мекенінде - 95 үй, 700 адам тұрады.
Апаттық-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 138 адам, 8 техника тартылды.
Ұлттық гвардияның 6506 бөлімшесінен - 300 адам, 300 орындық 6 автобус, 120 орындық 4 КамАЗ, аудандық полиция бөлімінен 7 техника және 70 қызметкер көмекке келген.
Ал ж ергілікті атқарушы органнан 40 қызметкер, 5 техника тартылды.