Түркістан облысында тағы екі су қоймасы салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Өңір әкімі Дархан Сатыбалды орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

«Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, былтыр 2 нысан пайдалануға берілді. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салғанның арқасында жылына қосымша 34 млн текше метр ағын су жеткізуге мүмкіндік пайда болды. Ал Түркістан магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы 60 млн текше метр су үнемделді», - деді ол.

Әкімнің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

«Бұдан бөлек, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Өңірде каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстары тұрақты жалғасып жатыр», -деді Дархан Сатыбалды.


Соңғы жаңалықтар