Түркістан облысында түн жарымында қыдырған 420 жеткіншек полицияға жеткізілді

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында 27-29 қаңтар аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Үш тәулікте ювеналды полиция инспекторлары 420 кәмелетке толмаған баланы полиция бөліміне жеткізді және 369 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Ата-аналар мен заңды өкілдерге қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылды.
Шара барысында ювеналды полицейлер түнгі уақытта үйден тыс жерде болған 310 жасөспірімді анықтады.
Сондай-ақ жасөспірімдердің ұсақ бұзақылық жасағаны үшін - 3 әкімшілік хаттама, мас күйінде қоғамдық орында жүргені үшін 4 әкімшілік хаттама толтырылды.
Кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқаны үшін 13 адам, жасөспірімдерге темекі сатқаны үшін 10 құқық бұзушы және жасөспірімдердің көңіл көтеру орындарында сағат 22:00-ден кейін болуына жол бергені үшін 6 мекеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер 48 жасөпірім мен 41 қолайсыз отбасын профилактикалық есепке қойды.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары халықтың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуде.