Түркістан облысында жол апатынан жарақат алғандардың екеуі жансақтау бөлімінде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сайрам ауданында болған жол апатынан жарақат алған жолаушылардың жағдайлары туралы дәрігерлер мәлімет берді. Аудандық ауруханаға түскен науқастардың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарақат алған жеті адамның бесеуі аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Ауруханаға түскен науқастардың барлыгы - TOYOTA ALPARD автокөлігінің жолаушылары. Олардың екеуі дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. Тағы екі науқас жарақат бөлімінде ем қабылдауда. Ал, бір науқастың жағдайы қанағаттанарлық болған соң, амбулаториялық ем қабылдауға жолданды. Жансақтау бөліміндегі екі адам бүгін бөлімшеге ауыстырылған. Жағдайлары бірқалыпты», делінген басқарманың берге хабарламасында.

Айта кетейік, жол апаты кеше кешкісін сағат 21:30 шамасында Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 4-шақырымында болған еді. TOYOTA ALPARD маркалы автокөлігінің жүргізушісі Алматы қаласынан Қызылорда бағытына қарай келе жатып, алдында кетіп бара жатқан HOWO маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде жеті адам жарақат алып, тағы бір жолаушы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. Қазіргі таңда Сайрам АПБ полицейлерімен аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеуге алынды. Автокөліктер айыптұраққа қойылды. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар