Түркістан облысындағы Нұра ауылы таратылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Нұра ауылы таратылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Нұра елді мекені таратылсын және статистикалық есепті дерекқордан шығарылсын. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі» - деп жазылан Ашық НҚА порталында жарияланған облыс әкімінің қаулысы мен маслихаттың бірлескен шешім-жобасында.
Құжат 26 шілдеге дейін көпшілік талықылауда болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековпен кездескен Құсшы ата ауылының тұрғындары екіге бөлініп кеткен ауылды біріктіру мәселесін көтерген еді.
Қоса кетсек, кеше Түркістан облысындағы Чичерино және ҚазССР 40 жылдығы ауылдарының атауы өзгеруі мүмкін екенін жазып едік.