Түркістан облысының Отырар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі қызметіне Сәкен Асылханұлы Сұлтанханов тағайындалды.
Сәкен Сұлтанханов 1976 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын, Орта Азия университетін «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолында Алматы қаласы бойынша сот орындаушылар және приставтар департаментінде сот приставы, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында аға сот орындаушы, Алматы қаласы, Жетісу аумақтық учаскесінде сот орындаушы болып қызмет атқарған.
Сонымен бірге «Оңтүстік» салық комитетінің қаржы-шаруашылық жұмысын қамтамасыз ету және кадрлық жұмыс бөлімінде бас маман-заңгер, Шымкенттегі №2 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінде директор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты, ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы лауазымдарында абыройлы еңбек еткен.
2018 жылдан бері Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Айта кетейік, Отырар ауданын үш жылға жуық уақыт басқарған Әбдіғали Айтжанұлы Жүнісов еңбек демалысына шықты.