Түркістанда ғасырдан астам тарихы бар мектеп заманауи техникалармен жабдықталып отыр

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Түркістан қаласындағы №1 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп 720 оқушыға арналған.
None
None
Алайда, бүгінгі таңда мұнда 1280-ге жуық шәкірт дәріс алуда. Дегенмен қазір мектепте толық екі ауысымда сабақ оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Айта кету керек, бұл білім шаңырағы 1898 жылы ашылған. Бір ғасырдан астам тарихы бар мектепке Кеңес Үкіметі жылдары Лениннің, одан кейін Абай мен Некрасовтың да есімдері берілген. 1993 жылы мектепке қазақтың ғұлама ғалымы, біртуар азаматы, алаштың ардағы Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру жөнінде қалалық мәслихаттың шешімі шығарылған.24 академик осы мектептің түлегі. Тілдің білгір маманы болған Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев сынды ғалымдар шыққан. Генерал Баһадүр Байтасов осында оқыған. Бұл ? алғашқы Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Сәттар Ерубаев оқыған мектеп.«Американың ЮСАЙД ұйымы арқылы мектепке керек құрал-жабдықтарды алдық. Бес сынып кешені берілді. Компьютерлермен жабдықталған сынып жұмыс істейді. Интерактивті тақтамыз бар. Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтің оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселесіне қатысты өткізген мәжілісін интерактивті тақта арқылы көрдік. Оған ұстаздар мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Әлі де материалдық техникамызды жақсарту бағытында жоспарларымыз бар» - дейді мектептің директоры Заманхан Жүзжасаров.
Соңғы жаңалықтар