Түркістанда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды
Қор кәсіпкерлердің құзыретін дамыту бойынша бағдарламаны жасады, ол үш бағыт бойынша: облыс орталықтарында, моноқалаларда және аудан орталықтарында, сондай-ақ елдің шалғайдағы елді мекендерінде іске асырылады.
2013 жылдан бастап «Даму» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары Қазақстанның барлық облыстарында жұмыс істеуде. Оңтүстік Қазақстан облысында КҚКО кәсіпкерлерге 2012 жылдан бастап Шымкентте қолдау көрсетуде.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында «бір терезе» қағидаты бойынша кәсібін енді бастап жатқан азаматтар (стартаперлер) үшін де, қазіргі кәсіпкерлер үшін де қызметтер кешені ұсынылады. «Даму» КҚКО-да инвестициялық және бизнес жобаларын жасауға, олардың сараптамасын өткізіп, тиімділігін бағалауға көмектеседі. Сондай-ақ мұнда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және дамыту шаралары туралы айтып береді.