14:07, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Түркістанда колледж студентін өлтірді деген күдікпен екі жасөспірім ұсталды
ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Түркістанда колледж студентін өлтірді деген күдікпен екі жасөспірім ұсталды.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Шымкенттің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан қаласында жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікпен 17 жастағы екі азаматты ұстады», - деді ресми өкіл.
Үстіміздегі жылы сәуір айында қалалық аурухананың жансақтау бөліміне көшеде атыс жарақатын алып, соңынан қайтыс болған Түркістандағы колледждердің бірінің студенті жеткізілген еді.
«Бір топ жас жігіттер арасында шыққан ұрыс-керісте күдіктілердің біреуі аңшы мылтықтан жәбірленушіге оқ жаудырып, дене жарақатын келтіргені анықталды», - деп атап өтті Н. Ораз.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.