Түркістанда құрылыс материалдарының базары өртенді

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Түркістан қаласындағы Тынышқұлов көшесі бойында орналасқан «Қалыбай ата» базарында 4 шілде күні сағат 03.14-те құрылыс материалдары өртенді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Өрт сағат 09.16-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 86 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 960 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram