09:13, 18 Наурыз 2014 | GMT +5
Түркістанда лицей өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында түнде екі қабатты №23 кәсіптік лицейінің шатыры өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Тілсіз жау 02.03-те тіркеліп, 02.42-де ауыздықталды. 20 шаршы метр аумақ отқа оранды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД 2 техникасы мен жеке құрамының 8 адамы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.