Түркістанда медициналық мақта қоймасы өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілер Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында болған өртті екі сағаттай сөндірді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
20 шілде күні сағат 7.17-де Түркістандағы «Фараб» ЖШС аумағында ангар типтес дайын өнімдер қоймасы өртеніп жатқандығы жайлы хабарлама келіп түсті. Аталған ЖШС медициналық мақта, мақта таяқшалары және майлық т.б. шығарумен айналысады.
Өрт 600 шаршы метр аумақты қамтыды. Тілсіз жау сағат 8.28-де толықтай сөндіріліп бітті. Өртті сөндіруге 30 өрт сөндіру қызметтері және ОҚО ТЖ департаментінің апаттық-құтақыру қызметінің өкілдері жұмылдырылды.
