Түркістанда Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан қаласының әкімшілігі ақын, публицист-жазушы Саттар Ерубаевтың 100 жылдық мерейтойына орай, «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты республикалық жыр мүшәйрасын өткізгелі отыр. Бұл туралы бүгін «Айқын» республикалық газеті хабарлап отыр.
None
None

Жазба ақындардың респуб­ликалық жыр мүшәйрасы 2014 жылдың 10 қазанында Түркістан қаласының Ха­лық­аралық қазақ-түрік уни­верситінің Мәдениет сара­йында өтеді. Мүшәйраны өт­кізудегі мақсат - Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай ақын - жазушының рухын тербетіп, халқының бақыты жолына арнаған өмірі мен шығармашылығын насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше дарынды жастарды іздеп табу болып отыр. Ескерте кететін бір жайт, мүшәйраға 18-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады. Ол үшін жазба ақын­дар мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлеңін жіберуі керек. Мүшәйра ережесі бойынша бірінші өлең С.Ерубаевқа арнау, екіншісі, Түркістан туралы болуы шарт. Жас ақындар өлең­де­рін А4 форматты қағазда ком­пьютерде теріп, 2 дана етіп ұйымдастырушыларға ұсынады. Атап өтер бір жайт, шығармалар 8 шумақтан ас­пауы керек. Үміткерлердің шы­ғармаларын қазылар ал­қасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.

Бағалау талаптары бо­йын­­ша жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлықпен мара­патталады. Бірінші орын (біреу) -300,0 мың, Екінші орын - (біреу) 200,0 мың, Үшінші орын (екеу)-150,0 мыңнан, ар­найы жүлделер- (он) 20,0 х 10 д - 200,0 мың.

Үміткерлер шығармаларын 2014 жылдың 22 қыркүйегіне дейін Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйі­не тапсыруы тиіс. Ол үшін үміткерлер мынадай құ­жаттарын тапсыруы тиіс: Өтініші, шығармашылық мінездеме. Жеке куәлігінің көшірмесі, 9 х 14 түрлі-түсті фотосуреті, Үй және ұялы телефондары, шығармалары (2 дана). Мү­шәйраға қа­ты­сушылар құжаттарын тө­мен­дегі мекенжайға жіберулері тиіс: ОҚО, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №1 Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйі. Байланыс телефондары: 4-21-81, факс4-21-67,пошта:[email protected].

«Қасиетті Түркістан то­пы­рағынан сыр шертіп, ар­ты­на өшпес із қалдырған, жа­­­лындап өткен жас ғұмыр сәттар Ерубаев туралы жыр­лағыңыз келсе, мүшәйраға қа­тысқаныңыз абзал. Іріктеуден өткен шығармалар байқауға қатыстырылып, арнайы кітап­шаға енгізіліп, баспадан шы­ғады», - делінген мақалада.

Соңғы жаңалықтар