14:55, 29 Мамыр 2010 | GMT +5
Түркістанда су басу мен тасқынға қарсы күрес оқу-жаттығулары өтті
ШЫМКЕНТ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Түркістан және оның төңірегіндегі ауылдарда кешенді оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді, оның барысында құтқарушылар, әкімдік өкілдері, кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар көктемгі кезде болатын төтенше жағдайларға қаншалықты дайын екендерін тексерді,
деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.
«Оқудың мақсаты - елді мекендерді су алып немесе су тасқыны болған жағдайда басқару органдарының, қалалық ТЖ жөніндегі комиссиялардың, апаттан құтқару қызметтерінің әзірлігі мен тұрғындардың табиғи және техногенді апатты жағдайлардағы іс-әрекетін бағалау», - деді ТЖД баспасөз қызметінде.
Төрт күн бойы түркістандықтар көктем маусымында болатын төтенше жағдай - су басу, тасқын, сел жүру жағдайларындағы өз біліктіліктерін тексерді. Құрылыс заттарының, азық-түліктің, ауызсудың, энергия қуат көздерінің қорлары тексерілді.