Түркістанда «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі өтеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда қаласында 25 шілде күні сағат 21:00-де «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі басталады. Шараны «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмірге баулу мақсатында ұйымдастырылып отырған фестиваль Амфитеатр орталығында өтеді. Қазіргі кезге дейін 400-ге жуық тұрғын қатысуға өтінім берген.

Сондай-ақ, фестиваль аясында түркістандықтар эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісовтың концертін тамашалайды.

Айта кетейік, бұған дейін «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған болатын. Сондай-ақ, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында жалғасын тапты. Кеше, Шымкенттік тұрғын Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордттық көрсеткішті жаңартты. 10 шілде - 6 қыркүйек аралығында өтетін шара еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, әр қаладан 27 жеңімпаз анықталуда. Олар Нұр-сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады деп күтілуде. Гранд-финалдың жүлде қоры-54 млн теңге. Ал, Гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.


Соңғы жаңалықтар