Түркістанда тұрғын үйлер мен мекемелерге жылу беріле бастады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда тұрғын үйлер мен мекемелерге жылу беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда тұрғын үйлер мен мекемелерге жылу беріле бастады

Түркістан қаласының аумағындағы барлық жылу қазандықтары іске қосылды.

Қазіргі таңда облыс орталығында 40 579 абонент бар. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан қаладағы І мөлтек ауданда көпқабатты 58 үй, ІІ мөлтек ауданда 15 үй, ТГЖД аумағында 2 үй орталық жылу жүйесімен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, «Отырар» мөлтек ауданында 38, әкімшілік іскер орталығында 14, жалпы 127 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жылытылады.

Бұдан бөлек, І мөлтек аудандағы 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік, 52 жер телімді тұрғын үйлер мен мәдени, рухани орталықтағы 11 нысанға жылу берілді.

Сондай-ақ, Кентау қаласында да жылу орталығы іске қосылды. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беру жұмыстары жүріп жатыр.