Түркістанда ұсақ малдан бруцеллез табылған екі ауыл карантинге жабылды

«Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі Қаржан елді мекені Ө.Тілеубаев кошесі №1-17 үйлерінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», - деп көрсетілген аталған ауылдық округ әкімінің шешімінде .
Сонымен қатар, Қазығұрт ауданына қарасты Қызылата ауылында да шектеу жарияланды.
«Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі Қызылата ауылы Ә.Дәулетұлы көшесіндегі № 94, 95, 98, 101, 104, 106, 110, 111 үйлердің аумағына мүйізді ұсақ малдардан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген ашық талқыға шағарылған ауылдық округ басшысының шешімінде.
Еске салай кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Надежка ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, елді мекен карантинге жабылған еді.
Сондай-ақ, жылдың басынан бері Қостанай облысында 8 адам бруцеллез ауруын жұқтырды.