Түркістанда үшінші халықаралық түркітану конгресі өтті

ТҮРКІСТАН. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Түркістанда үшінші халықаралық түркітану конгресі болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Конгрестің негізгі тақырыбы «Ортақ тілді, тарихты және әліпбиді қалыптастырудағы түркітану мәселелері: өткені және болашағы» деп аталады. Оған 30-дан астам мемлекеттерден келген жүзден астам ғалым қатысты. Тұңғыш түркітану конгресі 1926 жылы Бакуде өткен болатын. Ал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ол осымен үшінші рет Түркістанда өткізіліп отыр. «Түркиядан, Ресейден, Моңғолиядан, Қытайдан және басқа да көршілес түркі республикаларынан көптеген қонақтар келді. Біздің міндетіміз қазақстандық түркітануды әлемдік деңгейге шығару», ? деді ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.Шығып сөйлегендер өз баяндамаларында түркітанудың ? көптеген адамдардың қате пікірінше түркі халықтарының тілі туралы ғана ғылым еместігін айтты. «Бұл тамыры ортақ халықтардың тарихын, жазуын, ауыз әдебиетін, дәстүрі мен мәдениетін зерделеудегі ауқымды сала. Өкінішке қарай, көптеген, мысалы, Алтайда тұратын халықтар өз тілдерін және этникалық ерекшеліктерін бірте-бірте жоғалтуда», ? деді тарих ғылымдарының докторы, Хакас мемлекеттік университетінің профессоры Виктор Бутанаев.Ұйымдастырушылар түркі әдебиетінің тұңғыш кітапханасы мен түркітанудың тұңғыш мұражайы ашылуын үшінші конгреске орайластырды. Ол Қазақстандағы түркітанудың негізін қалаушылардың бірі Бейсенбай Кенжебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы экспозициямен ашылды.
Соңғы жаңалықтар